Accessibility links

Иран МАГАТЭ-ге ұсыныс берді


Иран БҰҰ-ына ядролық нысандарға әскери соққы беруге тыйым салу туралы ұсыныс берді. Ресми Теһран бұл бастамасын Венада жариялады. Өз ұсынысын Иран атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің қыркүйек айындағы конференциясында талқыға ұсынбақшы.
Дипломаттардың ортасында бұл ұсыныстың басты мақсаты – Иранның ядролық нысандарына соққы беру мүмкіндігін теріске шығармайтын Израильге қысым жасау болса керек деген пікір қалыптасып отыр. Алайда Иранның өзі Израильден сескенбейтінін мәлімдеп, өзінің бастамасын табандылық деп түсіндірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG