Accessibility links

Еуроаймақ экономикасының құлдырауы бәсеңдеді


Еуроаймақ экономикасының құлдырауы айтарлықтай бәсеңдеді. Бейсенбі күні Еуропа Одағының статистикалық комитеті жариялаған мәліметке қарағанда, еуро валютасын пайдаланатын 16 елдің экономикалары биылғы жылдың бірінші тоқсанында 2.5 пайызға қысқарған болса, 2- тоқсанында 0.1 пайызға ғана құлдыраған.

Еуропаның ең ірі 2 экономикалық жүйесі болып табылатын Германия мен Франция тығырықтан шықты. Бейсенбі күні шыққан соңғы мәліметке қарағанда, немістер мен француздардың экономикалық саласы биылғы жылдың екінші тоқсанында 0.3 пайызға өскен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG