Accessibility links

Бұрынғы ауған президентіне қастандық болды


Ауғанстанда елдің бұрынғы президенті Бурхануддин Раббаниге қастандық жасалды. Кундуз облысы әкімшілігі хабарлағандай, Раббани отырып келе жатқан автокөліктердің керуені гранататқыштармен және тезатар мылтықтармен атқыланды. Бұрынғы президенттің өзі аман қалды.
90-жылдардың басында президент болған Раббани қазір ауған парламентінің депутаты. 20 тамызға белгіленген президент сайлауында ол қазіргі президент Хамид Қарзайдың негізгі бәсекелесі саналатын дәрігер Абдулланы қолдайды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG