Accessibility links

БТА банкі «Республикамен» соттасуда


«Республика» газетінің мүддесін қорғайтын заңгер Сергей Уткин бастапқы тыңдау барысында Медеу аудандық сотына БТА банкінің газеттің үстінен берген шағымын қараудан бас тартуды ұсынып, банктің газетке деген шағымын сотқа дейін шешуге мүмкіндік беруді өтінді. Судья осы ұсыныс бойынша шешімді жұма күні қабылдайтынын хабарлады.

С.Уткиннің сөзіне қарағанда, алдында БТА банкі «Республика» газетіне бір басқа талап қойып, Алматының Медеу аудандық сотына тіпті өзөге шағым берген. Сондықтан да, дейді заңгер, шағымданушы өзінің шағымын сотқа дейін шешу үшін ықшамдауға тиіс. Банктің талабын сотсыз-ақ шешуге болады. Заң бойынша оған 30 күн уақыт беріледі.

Сонымен бірге БТА банк өкілдері «Республика» газетінен 60 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етіп, ол талабының сота қаралуын сұрайды. Шағым беруге БТА банкінің ахуалы туралы 6 наурызда шыққан мақала себеп болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG