Accessibility links

АҚШ пен Еуродақ Путиннің Абхазияға сапарын сынға алуда


АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Ресейдің үкімет басшысы Владимир Путиннің Абхазияның әскери инфрақұрылымын дамыту мен шекараны нығайтуға 500 миллион доллар жұмсау туралы уәдесіне байланысты алаңдаушылық білдіруде.

Мемлекеттік департамент өкілінің мәлімдеуінше, Ресей және басқа да елдер Грузияның халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасын сыйлауы тиіс.

Владимир Путиннің Абхазияға сапарын Еуродақ та сынға алып, бұл сапардың Грузияның аймақтық тұтастығы мен осы аумақтағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық күштер ұстанымына сай еместігін айтуда.
XS
SM
MD
LG