Accessibility links

Ресей БТА банкінің менеджерін экстрадициялау мәселесін кейінге қалдырды


Ресей үкіметі Еуропалық адам құқықтары жөніндегі соттың ұйғарымымен БТА банкінің бұрынғы басқарма бастығы Вероника Ефимованы Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселені қарастыруды кейінге қалдырды, — деп жазады «Коммерсантъ» басылымы.

Вероника Ефимованы банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовпен бірге несиелік айла-шарғыларға барды деп айыпталған. Ефимованың өзі саяси қуғынның құрбаны болғанын айтып, Ресейден босқын мәртебесін беруді сұрауда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, алдан-ала жүргізілген тергеу жұмыстары 2006-2008 жылдары Мұхтар Әблязовпен бірге жұмыс істеген Вероника Ефимоваға жалпы сомасы 200 миллиард теңгені (1 млрд доллардан астам) құрайтын несиені заңсыз иемденді деген айып таққан болатын.

Шілде айының басында 42 жастағы Вероника Ефимова Ресей Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде Краснодар қаласына кетіп қалмақ болған жерінен Қазан вокзалында қолға түскен болатын.
XS
SM
MD
LG