Accessibility links

«Экологтар ісінің» адвокаттары мемлекеттік айыптаушының біліктілігіне күмән келтіруде


Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бұрынғы басшыларының адвокаттары сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысып отырған прокурор Бақтияр Ерназаровтың біліктілігіне күмән келтіріп, Бас прокуратураға арнайы хат жолдамақ.

Бұдан бұрын мемлекеттік айыптаушы Ерназаров сотқа «Меркурий Плюс» компаниясының өкілі Жайылғановтың қорғаушылары Гүлжан Омарова мен Надежда Пархоменконы тәртіптік жазаға тартуды өтініп, өтініш хат жазған болатын. Ол хатта қорғаушылардың Жайылғановты ақтауларын негізсіз деп тануды сұраған.

«Біз мемлекеттік айыптаушының сотта осындай пікірлер айтқанына қарсылық білдіреміз. Бас прокуратураны мемлекеттік айыптаудың мұндай болмайтынынан хабардар етпекпіз», — деді Гүлжан Омарова.
XS
SM
MD
LG