Accessibility links

Түркіменстан президенті Қазақстан басшысын газ құбырының ашылуына шақырды


Түркімен жағының бастамасымен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің президенті Гұрбангулы Бердімұхаммедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Екі мемлекеттің басшылары екіжақты қарым-қатынастың дамуын, әсіресе, экономикалық әріптестік мәселесін талқылады, стратегиялық маңызды көпжақты жобаларды жүзеге асыруға қатысу жайы да сөз етілді.

Маңызды жобалар қатарында Қазақстан мен Түркіменстан және Иранды байланыстыратын жаңа темір жол желісінің құрылысы мен Қазақстан Ресей және Түркіменстан қатысатын Каспий маңы газ құбырының құрылысы, сондай-ақ Түркіменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай бағыты бойынша салынатын газ құбыры да бар.

Түркіменстан президентінің айтуынша, бірінші кезекте газ құбырының Түркіменстан мен Қытай арасындағы бөлігі салынып, пайдалануға берілмек. Түркіменстан басшысы оның ашылуына Нұрсұлтан Назарбаевты арнайы шақырды. Желтоқсанда өтетін құбырдың ашылу салтанатына екі елдің басшылары да қатыспақ.
XS
SM
MD
LG