Accessibility links

АҚШ Ауғанстанға қосымша әскер жіберуі мүмкін


АҚШ Ауғанстанға қосымша әскер жіберуі тиіс болуы мүмкін. Бұл туралы Вашингтонда бапасөз маслихатын өткізген Қорғаныс министрі Роберт Гейтс мәлімдеді. Гейтстың айтуынша, ол Ауғанстандағы АҚШ әскерилерінің қолбасшысы генерал Стэнли МакКристалдан ауған соғысына "не қажет болса, соны талап етуін" сұраған. Бұл әскерилердің санын көбейту мәселесіне қатысты дейді Гейтс.

Бұған дейін президент Барак Обама Ауғанстанға қосымша 21 мың сарбазды жіберуді бұйырды. Осы жылдың аяғында Ауғанстандағы АҚШ күштерінің саны 68 мыңға жетпек. Ал Ирақта АҚШ-тың 132 мың жауынгері бар.
XS
SM
MD
LG