Accessibility links

Ирақ журналистері Бағдадта шеру өткізді


Ирақ журналистері жұма күні Бағдадта шеру өткізіп, елдегі баспасөз бостандығын жақсартуды талап етті. Шеруге жиналғандардың айтуынша, үкіметті сынаушы журналистерге жасалып жатқан саяси қысым тоқтатылуы тиіс.

Хабарларға қарағанда, Ирақ астанасындағы әл-Мотанаби кітап базарында өткен шеруге жүздеген наразылық танытушылар жиналып, үкіметті журналистерді қорғайтын заңды тезірек қабылдауға шақырды.

Бұдан бұрын бір депутат президенттік күзетшілердің қамауға алынуына байланысты мақала жазған танымал журналисті сотқа тартпақ ниетте екенін айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG