Accessibility links

Тұрысбеков Ресейдегі қазақ елшісі болып тағайындалды


Зауытбек Тұрысбеков Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы «Қазақстан бүгін» агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бұдан бұрын Тұрысбеков Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі, ішкі істер министрі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша агенттіктің төрағасы болған.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған Әділбек Жақсыбеков қазір елдің қорғаныс министрі қызметін атқарады.
XS
SM
MD
LG