Accessibility links

Иран реформашылары рухани көсемді тергеуге шақырды


Ирандағы оппозициялық вебсайттардың хабарлауынша, бұрынғы реформашыл депутаттар елдің рухани көсемі Аятолла Али Хаменейдің мемлекетті басқару қабілетін тергеуге шақырған. Сарапшылар ассамблеясының басшысы Аятолла Акбар Хашеми Рафсанжаниге жолданған хатқа нақты қанша адамның қол қойғандығы айтылмады.

Елдің рухани көсемін тағайындайтын аталған мекеме теоретикалық жағынан оны биліктен кетіре алады.

Әлгі хат сайлаудан кейінгі шерулерде үкіметтің күш қолдануын және қамауға алынған наразылық танытушылардың сотқа тартылып жатқанын айыптаған.
XS
SM
MD
LG