Accessibility links

АҚШ сенаторы Мьянма жетекшісімен кездесті


Құрама Штаттар сенаторы Джим Вебб Мьянманың әскери жетекшісімен кездесіп, оппозиция лидері Аун Сан Су Чжимен кездесуге тырысқаны үшін түрмеге жабылған американ азаматының тағдыры туралы сөйлескен.

Мьянма билігі осы аптада американдық Джон Уильямды мамыр айында үйқамақта отырған Аун Сан Су Чжидің үйіне барды деп айыптап, оны қатаң тәртіптегі еңбек лагеріне жапты.

АҚШ-тың Шығыс-Азия мен Тынық мұхит мәселелері бойынша комитетінің басшысы Джим Вебб Мьянма режимінің басшысымен кездескен бірінші АҚШ өкілі болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG