Accessibility links

Хамас қарулы топтың жетекшісін өлтірдік деді


Хамас ұйымының хабарлауынша, Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы атыста қарулы топ жетекшісі өлтірілді.

Хамас ішкі істер министрлігінің өкілі Ихаб Хуссейннің AP агенттігіне айтқанында, қақтығыс кезінде Жунт Ансар Аллах тобының жетекшісі Абдел Латиф Мусса қаза тапты деген.

Бұл топ пен Хамас арасындағы екі күндік шайқаста 22 адам қаза болды деп хабарланды. Бұл қақтығыс жұма күні Хамас күштері Жунд Ансар Аллах тобының 100 шақты мүшесі тығылып алған Рафах қаласындағы мешітті қоршап алғанда ушығып кетті.

Топ жетекшісі жұма күні Газа аймағы ислам эмираты деп жариялап, Хамасты биліктен кетірмек болған.
XS
SM
MD
LG