Accessibility links

Arctic Sea жүк кемесін Кабо-Вердеден байқаған


Соңғы екі апта бойы байланыс үзілген, ресейлік экипаж мүшелері бар Arctic Sea жүк кемесі Африканың батыс жағалауындағы Кабо-Верде аралынан көрінген.

Ішінде ресейлік экипаж мүшелері бар жүк кемесін португалиялық ұшақ көрген деп Францияның әскери теңіз күштері хабарлаған. Франциялық күштердің хабарына қарағанда, кеме иесінен құнақы талап етіліп отыр.

Arctic Sea кемесі туралы бұл мәлімет оларды Атлант мұхитынан іздеуге Ресейдің соғыс кемелері шықты деген хабардан соң болып отыр.

Сарапшылар шілденің 23-де Финляндиядан шыққан Мальтаның туы ілінген жүк кемесінің жоғалып кетуіне қарақшылар немесе мафиялық топтардың қатысы болуы мүмкін деп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG