Accessibility links

Президент Ли: Пхеньянмен қару-жарақ келіссөздерін өткізу керек


Сенбі күні Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак Солтүстік Кореямен корей түбегін ядролық қарудан босату мақсатындағы келіссөздер өткізуге шақырды.

Ли бұл туралы Кореяның 1945 жылы Жапониядан азат етілген күнін атап өткен жиында айтып, ядролық қару Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне кепілдік бола алмайды деген.

Ол сондай-ақ Пхеньянды келіссөзге келуге шақырып, корей түбегін қарусыздандыру, Солтүстік пен Оңтүстік Кореялардың қарапайым қаруларын азайту мәселелері бірлесіп қаралуы тиіс деді.
XS
SM
MD
LG