Accessibility links

Дағыстанда 2 милиционер өлтірілді


Ресейдің Дағыстан республикасында бақылау бекетіне жасалған шабуылдардан екі милиция қызметкері қаза тауып, тағы біреуі жараланды.

Ресейдің ақпарат агенттіктері жергілікті милиция өкілдерінің сөзіне сілтеме жасап, Махачкаладағы Ішкі істер министрлігі жанындағы бақылау бекетіне болған шабуылдан бір милиционер мерт болды деп хабарлады.

Кейінірек екі сағаттан кейін Махачкаланың сыртындағы бақылау бекетіне қарулы топ оқ атып, одан біреуі қаза тауып, екіншісі жараланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG