Accessibility links

Иранда жаңа сот төрағасы тағайындалды


Бүгін Иранның рухани жетекшісі елдің сот төрағасы етіп Аятолла Садеқ Ларижаниді тағайындады.

Мемлекеттік телеарналар парламент спикері Али Ларижанидің бауыры әрі Иранның конституциялық сақшылар кеңесінің мүшесі болған Садеқ Ларижани сотты 10 жыл басқарған Аятолла Махмуд Хашеми-Шахроудидің орнына келді деп хабарлады.

Бұл тағайындау маусым айындағы президенттік сайлаудан кейін шеруге шығып, ұсталғандардың соттары басталған тұста болып отыр.

Президенттік сайлаудың қортындысына наразылық танытып, шеруге шыққан 200 адам түрмеде отыр. Олардың ішінде жетекші саясаткерлер, заңгерлер және журналистер бар.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG