Accessibility links

АҚШ елшісі Пәкістанның талибанмен күрестегі прогресін мадақтады


Құрама Штаттардың арнайы елшісі Ричард Холбрук Пәкістанның талибан бақылауындағы негізгі аймақтарды қайтарып алулары айтарлықтай алға басқан деді.

Жексенбі күні Пәкістанға бастаған сапарында Холбрук журналистерге АҚШ талибандармен күресу үшін Исламабадқа көбірек қару-жарақ пен экономикалық көмек беретін болады деді.

Ол Суат жазығы мен Бунер аймағындағы талибандарды ығыстыруда пәкістандық армия жетістікке жетіп отыр деп атап өтті.

Холбруктың өзі Суат жазығы аймағына бармақшы болған, бірақ елдегі қалың жауынға байланысты оның сапары болмайтын болды.
XS
SM
MD
LG