Accessibility links

Ахмадинежад екі әйелді министрлікке ұсынбақшы


Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинежад өзінің жаңа үкіметіне бірінші рет кемінде екі әйелді министр етіп тағайындау жоспары бар екенін айтты.

Президент Ахмадинежад жаңа үкіметтің мүшелерін белгілеп, алдағы күндері парламентке ұсынбақшы.

Ол тамыздың 5-де екінші төрт жыл мерзімге президенттік ант қабылдап, қызметіне кіріскен болатын. З

аңшығарушылар оған министрлер өте тәжірибелі болу керектігін ескерткен. Алғашқы президенттігі кезінде Ахмадинежад үкіметке тәжірибесі аз адамдарды таңдады деп сыналған болатын.
XS
SM
MD
LG