Accessibility links

Иранда тікұшақ апатынан 3 адам қаза тапты


Иранның ақпарат көздері жазып жатқандай, ұшу жаттығулары кезінде тікұшақ апатынан үш кісі қаза тапты. Бұл туралы жергілікті ресми өкілдердің бірі хабарлап, тікұшақ Теһраннан 45 шақырымдай жерге құлады деді.

Апат болған жерге жақын қала басшылығы қаза тапқандардың кім екенін атамай, істің тергеуге алынғанын айтуда.

Осы айдың басында Ирандағы тікұшақ апатынан үш полиция қызметкері мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG