Accessibility links

Мьянмада сотталған американдық еліне оралды


Мьянманың үйқамақтағы демократиялық жетекшісі Су Чжидің үйіне барғаны үшін түрмеге жабылған американдық еліне оралды.

Оны Мьянманың әскери жетекшісі Тан Швемен кездескен АҚШ сенаторы Джим Вебб босатып алды. Олар жексенбі күні Бангкокқа ұшып шықты.

Осы аптада Мьянманың әскери билігі американдық Джон Уильям Йеттоуды мамыр айында үйқамақта отырған Аун Сан Су Чжидің үйіне барды деп айыптап, оны қатаң тәртіптегі еңбек лагеріне жапқан еді.

Сондай-ақ, американдық сенатор үкімет үйінде Су Чжимен кездесті. Су Чжи Янгон маңындағы үйіне американдық қонақтың келуімен үйқамақ тәртібін бұзды деп тағы 18 айға үйқамауына алынды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG