Accessibility links

Фатх қозғалысына еврей азаматы мүшелікке сайланды


Палестина президенті Махмуд Аббастың Фатх қозғалысы басқарушы кеңеске бірінші рет израилдік еврей азаматын сайлады.

Ури Давис Палестинадағы әл-Құдс университетінде социология профессоры әрі Фатх революциялық кеңесінің мүшесі.

Давис 1960-шы жылдары Палестина жерінің басып алынуына қарсы науқан жүргізіп, Фатх қозғалысына 1984 жылы қосылған.

Жексенбі күні жарияланған дауыс беру қорытындысы 4 орынды христиандық жеңгенін көрсетіп отыр.
XS
SM
MD
LG