Accessibility links

Иран үкіметінің құрамына әйелдер де енгізілмек


Иран үкіметінің құрамына әйелдер де кіргізілмек, бұл осы елде 1979 жылғы ислам революциясынан кейінгі алғашқы жағдай болып отыр.

Бұл туралы жексенбі күнгі телесұхбаты барысында Иран президенті Махмуд Ахмадинежад хабарлады. Өзінің айтуынша, ол әлеуметтік қамтамасыз ету министрі қызметіне депутат Фатеме Аджорлуды, ал денсаулық сақтау министрі етіп университет профессоры, дәрігер Марзие Дастжердиді ұсынбақ.

Таяу күндері Иран президенті үкіметтің жаңа құрамын парламенттің бекітуіне ұсынады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG