Accessibility links

Нұрлан Ысқақов өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді


Қазақстанның бұрынғы экология министрі Нұрлан Ысқақов өзіне бюджет қаржысын жымқырды деп тағылған айыптың бір де бір пунктін мойындамайтынын мәлімдеді.

"Маған тағылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыптауды ақылға сыйымсыз деп есептеймін. Егер Балқаштағы конденсатор кәдеге жарату мәселесі менің министрлікке келуіме дейін белгілі болып, үкіметтік деңгейде талқыланып, алқаның шешімі қабылданған болса, онда қалай қылмыстық топ құруды ұйымдастыруға болады? Мен заңға бағынатын адаммын, жұмыстан кеткеннен кейінгі болып жатқан жайларды, маған қарсы қылмыстық істің де қандай негізде қозғалғанын түсінбеймін", — деді экс министр.

Бұған қоса ол осы жылдың 3-наурызы күні отставкаға өтініш білдіріп, тергеу ісіне кедергі келтірмеуді өзінің борышы санағанын айтады.

Бұрынғы экология министрі Нұрлан Ысқақов пен оның орынбасарлары Әлжан Брәлиев пен Зейнолла Сәрсенбаевтар мемлекеттік сатып алу кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 1,172 миллиард теңге (шамамен 7,8 миллион доллар) мөлшерінде бюджет қаржысын жымқырған деп айыпталуда.
XS
SM
MD
LG