Accessibility links

Жол полициясы 10 адамның қазасына себеп болған көлік апатын зерттеуде


Алматының маңында 10 адамның өліміне себеп болған ірі көлік апатының екі себебі қарастырылуда, — деп хабарлады ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков.

Көлік апаты жексенбі күні Алмарасан сайына барар жолда орын алған. Космостанциядан Алматыға қарай бет алған «Корпорация Прогресс» ЖШС-не тиесілі «HOWO» жүк көлігінің жүргізушісі экологиялық бекетке 200 метрдей қалған жолда «Тойота» көлігімен соқтығысып қалған, одан кейін автобус аялдамасына кіріп кеткен.

Апат салдарынан жүк көлігінің жүргізушісінің өзі, «Тойотаның» жүргізушісі мен үш жолаушысы және аялдамада тұрған бес адам қаза болған, тағы алты адам әр түрлі жарақат алған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 –бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл іске қатысты апаттың екі себебі ұсынылуда: біріншісі — көліктің және тежеу жүйесінің техникалық ақауы, екіншісі — адам факторы: жүргізушінің кенеттен есін жоғалтуы, еңбек және демалыс шарты», — деді Тыныбеков.
XS
SM
MD
LG