Accessibility links

Ингушетияда аза тұту күндері жарияланды


Ресейдің оңтүстігіндегі Назран каласында орын алған бомба жарылысынан 19 адам қаза тапты. Прокурорлардың айтуынша, бұл шабуыл жергілікті полиция штаб-пәтеріне жасалған. Жарылыстан сондай-ақ шамамен 60 адам жарақат алды, олардың арасында 9 бала бар деп хабарланып отыр. Ингушетиядағы полицияға әдетте исламшыл бүлікшілер мен қылмыстық топтарға қатысы бар адамдар жиі шабуыл жасайды.

Маусым айында орын алған жанкештілік жарылыстан президент Юнус-Бек Евкуров қатты жараланған болатын.

Президент міндетін уақытша атқарып отырған Рашид Гайсанов дүйсенбі күнгі шабуылдан құрбан болғандарға байланысты аймақта үшкүндік аза тұту күндерін жариялады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG