Accessibility links

Бүгін Грузия ресми түрде ТМД мүшелігінен шығады


Бүгін Грузия ресми түрде Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан шығады, бұған себеп болған өткен жылдың тамыз айында екі ел арасында болған соғыс.

ТМД Жарлығына сәйкес, мемлекеттің бірлестіктен ресми түрде шығуы Достастық атқару комитетінің тиісті құлақтандыруынан кейін 12 ай ішінде жүзеге асырылады, бүгін Грузия үшін осы белгіленген мерзім аяқталады.

«Бірлестіктен шығуына қарамастан Грузия ТМД –ға мүше елдермен аймақтық тұтастықты ескере отырып, ынтымақтастығын екі жақты пішінде жалғастыруға дайын», — деп мәлімдеді елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Давид Джалагания.

Сонымен қатар Грузия 1969 жылғы Вена конвенциясына сәйкес, ТМД шеңберіндегі бірлестікке мүше емес елдерге де таратылатын бірқатар халықаралық келісімдердің қатысушысы ретінде қала береді
XS
SM
MD
LG