Accessibility links

Коста-Рика президенті доңыз тұмауымен ауырғанына қарамастан, жұмысына кіріспек


Коста-Риканың президенті Оскар Ариас A/H1N1 тұмауымен ауырғанына қарамастан, өз міндетіне кіріспек. Президент кеңсесі өкілдерінің хабарлауынша, О.Ариас үйінде жұмыс істемек және елдегі бір зауыттың ашылуына қатысады, — деп хабарлайды Associated Press.

Нобель сыйлығының иегері Оскар Ариастың доңыз тұмауына шалдыққаны туралы ақпарат 11-тамыз күні жарияланған болатын. Бұл елде доңыз тұмауы вирусының таралуына байланысты Картагу қаласындағы Құдай-Анаға табынушылардың 2-тамыздағы зиярат ету шарасы кейінге қалдырылған болатын.

Оскар Ариас Нобель сыйлығын 1987 жылы Орталық Америкадағы бітімгершілік қызметі үшін алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG