Accessibility links

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтыс болды


Сеулде Оңтүстік Кореяның экс-президенті Ким Дэ Джун қайтыс болды. 85 жастағы бұрынғы президент өткен айда өкпенің қабынуы диагнозымен ауруханаға түскен болатын. Дегенмен оның қазасына жүрек талмасы себеп болған деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Ким Дэ Джун 1998 -2003 жылдары Оңтүстік Кореяның президенті болған. Ол Солтүстік Кореямен қайта бірігуге атсалысқаны үшін Нобель сыйлығына ие болған еді.
XS
SM
MD
LG