Accessibility links

Премьер-министр 2009 жылдың бюджетін қайта қарауға тапсырма берді


Бүгін Астанада өткен үкімет отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2009 жылдың бюджетінің кірісі мен шығысын қайтадан қарастыруға тапсырма берді.

Премьер-министр Қаржы министрі Болат Жәмішевке: «2009 жылдың бюджеті туралы келісіп алайық. Мен бір ай бұрын Қаржы министрлігіне, бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне шығын жағын қарастыру туралы тапсырма бердім, қазір ақшаны құртуға болмайды. Сондықтан бұл мәселемен 9 айдың қорытындысы бойынша қайта шұғылдану қажет және мүмкін болса шығыс бөлігін қайта қарстыру үшін Парламентке қайрылуға болады», — деді.
XS
SM
MD
LG