Accessibility links

Обама Ақ үйде Хосни Мүбаракты қабылдайды


АҚШ президенті Барак Обама бүгін Ақ үйде Мысыр президенті Хосни Мүбаракпен кездеседі. Бұл Мүбарактың АҚШ-қа соңғы алты жылдағы алғашқы сапары.

Ақ үй екі президенттің кездесуінде Таяу Шығыс мәселесі талқыланады деп айтты. Мысыр президентінің сапары Обама әкімшілігі Таяу Шығыс бейбіт процесін қайта бастауды қарастырып отырған тұста болып отыр.

Вашингтон ұстамды деген Араб елдерін Израилдің Палестина аймағында құрылыс салуын тоқтатуға әкелетін қандайда бір шаралар қабылдауға үндеп келген.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG