Accessibility links

Ресей кемесін ұрлады деген күдіктелер ұсталды


Ресей қорғаныс министрі үш аптадай уақыт жоғалып кеткен жүк кемесін біреулер басып әкеткен деді.

Ресейдің ақпарат агенттіктеріне берген сұхбатында министр Анатолий Сердюков кеменің ұрлануына қатысты деген күдікпен сегіз адам қамауға алынды деп айтқан. Олар Ресей, Латвия және Эстония азаматтары екені айтылып отыр.

Ресейдің теңіз күштері дүйсенбі күні Arctic Sea жүк кемесін Атлант мұхиты маңындағы Кабо-Верде аралынан тапқан. Бұл кеменің жоғалуы соңғы апталарда еуропалық теңіз жағалауы елдерін тығырыққа тіреген еді.
XS
SM
MD
LG