Accessibility links

Ресей электр стансасындағы апатта жоғалған 64 кісіні табу үміті аз


Ресейде 12 адамның өмірін қиған су электр стансасындағы апатта тағы хабарсыз кеткен ондаған адамды табу мүмкіндігі аз болып отыр.

Хабарларға қарағанда, Сібірдегі Саяно-Шушенская су электр станциясында турбиналар суға толып кеткенде 64 адам жоғалып кеткен.

РусГидро корпорациясының басшысы Василий Зубакин іздеу шаралары жалғасқанымен, енді олар табыла қоймас деді. Және ол құрбан болғандардың отбасыларына миллион рубль көлемінде өтемақы төленеді деп айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG