Accessibility links

Ирақ премьері келіссөздер өткізу үшін Сирияға барды


Ирақ премьер-министрі Нури әл-Мәлики Дамаскіге Сирия президенті Башар әл-Ассадпен қауіпсіздік және экономикалық мәселелер бойынша келіссөздер өткізуге барды.

Әл-Мәлики Ираққа шетелдік күштердің келуін тоқтатуға Сириядан көмек сұрайды.

Екі жетекші сондай-ақ су мәселесін талқылайды. Тараптар оның алдында өз елдері арқылы өтетін өзендер Евфрат пен Тигр суларын көбірек ағызуды Түркиядан сұраған.

Нури әл-Мәлики сонымен қатар Дамаскіде тұратын ирақтық тайпа жетекшілерін елге қайтуға көндіріп көреді деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG