Accessibility links

Ресей мен Израиль жетекшілері Сочиде кездесуде


Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Ресейдің Сочи қаласында Израиль президенті Шимон Переспен келіссөздер өткізуде. Олар Иран мен Таяу Шығыс мәселелерін де талқылауда.

Ресей президенті журналистерге айтқанында, бүгінгі келіссөздер екі елдің байланыстары мен Таяу Шығыстағы шешімін таппаған мәселелер және аймақтық басқа да проблемалар төңірегінде болады деген.

Израиль президенті Шимон Перес өзінің бұл кездесуден үлкен үміт күтетінін айтқан. Тараптар сондай-ақ, Мәскеудің Таяу Шығыстағы бейбіт процесс бойынша халықаралық конференцияға төрағалық ету ниетін қарайды деп хабарланды.
Бірақ ол конференцияның уақыты әлі белгіленген жоқ.
XS
SM
MD
LG