Accessibility links

Үлескерлер ақшасын жымқырды деген компания басшысы 15 жылға кесілді


Алматы қаласындағы Алмалы аудандық соты “Алматыинвестстрой” құрылыс компаниясының бас директоры Сергей Дмитриенконы үлескерлер қаржысын жымқырған деп 15 жылға бас бостандығынан айырып, оның мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды.

Онымен қоса “Алматыинвестстрой” ЖШС-тігі директорының орынбасары Ербол Ермекбаев, оның бас есепшілері Зура Нұрбаева және Ольга Пермякова әрқайсысы 10 жылдан түрме жазасын алды. Бұл құрылыс компаниясына қаржы салып, баспанасыз қалған 180 үлескері бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG