Accessibility links

Ауғанстанда талибандар шабуылы көбейіп отыр


Бүгін Кабулда орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 7 адам қаза болса, оның екеуі БҰҰ-ның қызметкерлері, НАТО әскері және бейбіт тұрғын болып отыр.

Ауған ресмилерінің айтуынша, жарылыс қаланың шығысындағы халықаралық күштер жиі өтетін үлкен жолда болған.

Ауғанстанның шығысында жол бойына қойылған бомба жарылып, екі АҚШ әскері мерт болды. Оның алдында бүлікшілер Кабул мен Жалалабад қаласына бірнеше зымыран тастап, оншақты кісі жараланды.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Урузган провинциясында бір жанкешті ауғандық әскери бақылау бекетіне келіп, өзін жарып жібергенде үш ауған сарбазы мен екі бейбіт тұрғын қаза тапты.

Ауғанстанда президенттік және аймақтық кеңеске сайлауларға екі күн қалғанда шабуылдар күшейіп отыр.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG