Accessibility links

Қазақстан астық одағының вице-президенті көлік апатынан көз жұмды


Қостанай облысында болған жол көлік апатынан Қазақстанның астық одағының вице-президенті Мұрат Аманбаев опат болды, денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру орталығы бастығының орынбасары Құлмағамбетов ауыр дене жарақтаымен ауруханаға түсті, — деп хабарлайды Новости-Казахстан облыстық ІІД бастығының баспасөз хатшысы Елена Кашаринаға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, көлік апаты сейсенбі күні Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 289-шақырымында түнгі 00 сағат 30 минут шамасында орын алған. .

«Субару Форестер» көлігінің жүргізушісі рульді игере алмай қалған, осының салдарынан орын алған апаттан Қазақстанның астық одағының вице-президенті мен Бакачев деген жолаушы қаза болды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда. Апатқа ұшыраған көлік Астанадан Ақтөбеге бет алған», — деді Кашарина.
XS
SM
MD
LG