Accessibility links

«Хамас» қолға түскен «Фатх» қозғалысының мүшелерін босатуға шешім қабылдады


«Хамас» қозғалысының жетекшілері Рамазан айының алдында ерікті қайырымдылық ретінде палестиндік «Фатх» қозғалысының 55 мүшесін босатуға шешім қабылдады. Жақын арада тағы 50 адамның босатылуы мүмкін деген де ақпарат бар, ал қолға түскен палестиндіктердің алғашқы тобы бүгін босатылмақ, — деп хабарлайды Associated Press.

«Хамас» Газа секторын басқарумен айналысады, осы аймақтағы бақылауды қолға алғаннан кейін «хамастықтар» адамдарды топ-тобымен ұстай бастады. Ал «Фатх» Палестин автономиясының басшысы Махмуд Аббастың қозғалысы болып табылады.

Енді «Хамас» қозғалысының өкілдері Махмуд Аббастан Иордан өзенінің батыс жағалауындағы түрмелердегі өз жақтастарын босатуды талап етуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG