Accessibility links

«Ырысты» зауытының жұмысшылары басшылық тарапынан қысым жасалып жатқанын айтады


Бүгін «Ырысты» вагон жөндеу зауытының жұмысшылары зауыт маңында БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізбек. Мұндай шараны өткізуге зауыттың белсенді жұмысшыларына басшылық тарапынан қысым жасалғаны себеп болған көрінеді. Түскі үзіліс кезінде журналистермен кездесетін жұмысшылар арнаулы мәлімдеме жасайтындарын хабарлады.

Бұл туралы Азаттық радиосына мәлімет берген бастамашыл топтың тең төрағасы Есімбек Өтешбаевтың айтуынша, 25 тамыз күні зауыттың кәсіподақ ұйымының басшысы сайланады екен. Бастамашыл топ кәсіподақ басшылығына өздерінің өкілдерін ұсынбақ көрінеді.
"Бізге жасалып отырған басшылықтың қысымы осы кәсіподақ саулауына бізді қатыстырмау мақсатында болып отыр", — деді Өтешбаев.
XS
SM
MD
LG