Accessibility links

Мұрат Жұманбай: Индустрия және сауда министрлігінің өкілі 1300 доллар парамен қолға түсті


Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік ҚР Индустрия және сауда министрлігінің сауда комитеті басқармасының бастығын пара алу кезінде тұтқындады, — деп хабарлады агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Оның айтуынша, министрліктің өкілі ЖШС директорынан шыны ыдыстарға лицензия беру үшін 1300 доллар пара алу үстінде қолға түскен. Қаржы полициясының өкілі 10 күн бұрын қолға түскен шенеуніктің аты-жөнін атаған жоқ.
XS
SM
MD
LG