Accessibility links

Екі қолынан бірдей айырылған баланың анасына 3,5 млн теңге өтемақы берілетін болды


Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты 11 жастағы Дима Лузиннің ісіне нүкте қойды. 11 жастағы Дима 6-сәуірде 23 -мөлтек ауданда, үйдің ауласына орналасқан ашық тұрған трансформаторға кіріп кетіп, жоғарғы кернеулі электр тогынан аса ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен болатын, осының салдарынан бала ол екі қолынан бірдей айырылды.

«Қарағанды жарық» ЖШС мекемесі өздеріне қарасты аймақтағы трансформатордың есігінің ашық тұрғандығына жауапкершілікті алғысы келмеген. Зардап шеккен баланың анасы «Қарағанды жарық» ЖШС мекемесін моральдық тұрғыдан залал келтіргендігі үшін сотқа беріп,7 млн теңге көлемінде өтемақы сұрады.

Алғашқы инстанциялық сот шағымданушының пайдасына шешім шығарды. «Қарағанды жарық» ЖШС мекемесін кінәлі деп таныған сот 3,5 млн теңге көлеміндегі қаржыны төлеуге міндеттеді. Шағымданушының қорғаушысы Евгений Танков сот шешіміне қанағаттанатындықтарын айтты.

Өз кезегінде «Қарағанды жарық» ЖШС мекемесі сот шешімі жүзеге асқан жағдайда, өтемақыны кіріс қаржысынан бөлетіндіктерін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG