Accessibility links

Рамазан айының қарсаңында мұсылмандарға арналған диск жарық көрді


Қасиетті рамазан айының қарсаңында «Бисмиллә: Исламмен танысу» Ислам негізі бойынша бірінші мультимедиялық жоба халық назарына ұсынылды, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жоба авторларының сөзіне қарағанда, бұл диск мұсылмандардың дін туралы қажетті ақпаратты сенімді дерек көздерінен алуы үшін жасалған. Ақпараттық-танымдық сипатта жасалған бұл жобада Исламның бес қағидасы, діннің алты қағидасы жіті жазылған. Әрбір бөлімнің мәтінді, дыбысты және бейне түсініктемесі мен намазды қалай оқу керектігі туралы 3D форматтағы техникалық сипаттама бар.

Сонымен қатар Құранның мазмұндық аудармасы, Хадистер топтамасы, дін негіздері туралы еңбектер мен Пайғамбардың өмірі туралы жазылған материалдар қамтылған.

«Бисмиллә: Исламмен танысу» жобасы толығымен орыс тілінде. Алайда жобаның авторлары оның қазақша нұсқасын 2010 жылы шығаруды жоспарлап отырмыз дейді.
XS
SM
MD
LG