Accessibility links

Халықаралық ұйым Есіргеповтың қамалуын айыптады


Баспасөз бостандығы бойынша халықаралық топ Қазақстан жоғарғы сотының журналист Рамазан Есіргеповке шығарылған үкімді жоққа шығарудан бас тартуына байланысты өкініп отырғанын мәлімдеді.

Венада орналасқан Халықаралық баспасөз институтының айтуынша, «Алма-Ата инфо» газетінің редакторы Есіргеповтың қамалуы Қазақстанның демократиялық беделіне үлкен көлеңке түсіреді.

8 тамыз күні Тараз қалалық соты журналист Есіргеповты 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі туралы құпияны заңсыз жолмен алып, таратқаны үшін айыпты деп тапты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG