Accessibility links

Құқық қорғаушылар мен журналистер ауған үкіметін сынады


Адам құқықтарын қорғаушы белсенділер мен журналистер Ауғанстан үкіметін халықаралық ақпарат агенттіктерін бейсенбі күнгі сайлауларда болуы мүмкін зорлық-зомбылық туралы хабар таратпауға шақырғаны үшін айыптап отыр.

Талибан бүлікшілері тамыздың 20-дағы ұлттық сайлауларға кедергі жасайтынын айтқан болатын. Билік орындары сайлау барысындағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы хабарлар сайлаушылардың дауыс берулеріне әсер етуі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Сейсенбі күні Ауғанстандағы шабуылдардан 10-нан аса адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG