Accessibility links

Карруби Иран билігімен жиын өткізуге шақырды


Иран оппозициясының жетекшісі Мехди Карруби сайлаудан кейінгі шерулерде тұтқындалғандардың түрмеде қорлық көргеніне байланысты дәлел-айғақтарды көрсету үшін жоғары лауазымды ресмилермен жиын өткізуге шақырды. Бұл туралы Карруби парламент спикері Али Ларижаниге жолдаған хатында айтқан.

Ларижани өткен аптада Каррубидің айыптауларын шындыққа жанаспайды деп, жоққа шығарған болатын.

Тағы бір оппозиция басшысы Мир Хоссейн Мусави Каррубидің айыптауларына қосылды деп хабарланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG