Accessibility links

Халықаралық баспасөз ұйымы Әзірбайжанды сынады


Баспасөз бостандығын қорғайтын халықаралық топ дүйсенбі күні Әзірбайжан түрмесінде танымал журналист Новрузали Маммадовтың қаза болуына байланысты қайғырып отырғанын мәлімдеді. 68 жастағы журналист тыңшылықта айыпталып, онжылдық түрме жазасын өтеп жатқан болатын. Журналистердің айтуынша, Маммадовқа тағылған айыптардың саяси астары бар.

Венада орналасқан Халықаралық баспасөз институты Әзірбайжан үкіметін журналистерді қудалауын тоқтатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG