Accessibility links

Израиль: Ресей Иранға зымыран тасымалы мәселесін қайта қарамақ


Ресей президенті Дмитрий Медведев Иранға қорғаныс зымырандарын тасымалдау жоспарын қайта қарауға уәде етті. Бұл туралы Израиль президенті Шимон Перес сәрсенбі күні Сочиде Медведевпен өткізген келіссөздерінен кейін хабарлады.

Перестің айтуынша, S-300 зымырандарының сатылуы Таяу Шығыстағы күштердің тепе-теңдігіне әсер етеді.

Ресей мен Иран аталған зымырандар туралы келісім-шартқа қол қойған болатын бірақ олар әлі тасымалданған жоқ.
XS
SM
MD
LG