Accessibility links

БҰҰ Ауғанстанды журналистерге қатысты тыйымды жоюға шақырды


БҰҰ ауған үкіметінен бейсенбі күнгі сайлаулар барысында болуы мүмкін зорлық-зомбылық туралы хабар таратуға енгізілген тыйымды алып тастауды сұрады.

Оның алдында адам құқықтарын қорғаушы белсенділер мен журналистер ауған үкіметінің бұл қадамын сынаған болатын.

Ауғанстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ахмад Захир Факиридің мәлімдеуінше, егер бұл бұйрық орындалмаса «жергілікті агенттіктер жабылады, ал шетел журналистері елден шығарылады».

Билік орындары сайлау барысындағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы хабарлар сайлаушылардың дауыс берулеріне әсер етуі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Талибан бүлікшілері тамыздың 20-дағы ұлттық сайлауларға кедергі жасайтынын айтқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG